Skip to content

Төлқұжаты

Ұйымның паспорты

«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК

Балқаш қ., Ағыбай батыр көшесі, 32 негізгі ғимарат,

 Екінші ғимарат, Абай көшесі, 45

ДиректорКузьмина Алла Владимировна  
Ашылу жылы19 май 1974 жыл
Ұйымның миссиясыБала тұлғасын жан-жақты дамыту, оның қабілеттерін ашу және кәсіби өзін-өзі айқындауының шарты ретінде біртұтас оқу-тәрбие кеңістігін құру.
Ғимараттың ауданыҒимараттың жалпы ауданы 3776,61 кв.м.  
Жобалық қуаттылық750 орын
Үйірмелер мен тәрбиеленушілер саны58 үйірме 2873 тәрбиеленушілер
Педагогтар саны51 адам, оның ішінде 36 негізгі қызметкер, 15 қосымша қызметкер.
ЖабдықталуОқушылар сарайы — көпбейінді қосымша білім беру ұйымы. Ғимаратта 27 оқу кабинеті, 3 хореография залы, 330 орындық акт залы, күрес залдары, патриоттық тәрбие залы, «Қазақтану» этномәдени орталығы және «INTEL» балалар технопаркі жабдықталған.
 «INTEL» балалар технопаркі2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. Балалар технопаркіне қала мектептерінің 7 мен 18 жас аралығындағы оқушылары тартылған. Балалар технопаркі қызметінің мақсаты — техникалық шығармашылықты дәріптеу арқылы балалардың инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және оларды ынталандыру. Оқушылар сарайының балалар технопаркінің құрылымы ғылыми-техникалық бағыттағы 7 үйірмеден тұрады, онда 500-ден астам оқушы қамтылған.
         
Күрес залы      2023 жылдың 22 қыркүйегінде ашылды. Жаттығу залы қазақша күрес, дзюдо және бокс секцияларына арналған қажетті құрал-сайманмен жабдықталған. Үш секцияда қала мектептерінің 7 мен 18 жас аралығындағы 200 оқушысы шұғылданады.
         
Екінші ғимарат                    2025 жылғы 15 желтоқсанда қосымша білім беру Инновациялық орталығының екінші ғимаратының таныстырылымы өтті. 2025 жылы жабдықтауға 95 997,0 мың теңге бөлінді. Бұл сомаға келесілер жабдықталды:      Hi-tech цехы       Каворкинг орталығы      IT кабинеті      Киім ілетін жай (гардероб)      Буфет      1 қабаттағы әкімшілік кабинеттері      Екінші қабаттың холы      «Химия» кабинеті      «Физика» кабинеті
                                         

Пайдалануға берілген жылы
1953 жыл  
Ғимараттың ауданыҒимараттың жалпы ауданы 3279, 3 кв.м,  
Жобалық қуаттылық700 орын
Тәрбиеленушілердің жоспарланған саны2500
Жоспарланған үйірмелер саны30  
2026 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған үйірмелер«IT-Старт» үйірмесі, «Бізді қоршаған химия», «Физикалық жаңалықтар әлемі» зертханалары, Hi-tech цехының «Ағашпен жұмыс», «ТехноМастер» шеберханалары, Коворкинг орталығының базасында «Қарым-қатынас мектебі» психологиялық қызметі, ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалар үшін логопед-дефектолог кабинеті жұмыс істейді.