Ұйымның паспорты
«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК
Балқаш қ., Ағыбай батыр көшесі, 32 негізгі ғимарат,
Екінші ғимарат, Абай көшесі, 45


| Директор | Кузьмина Алла Владимировна | ||
| Ашылу жылы | 19 май 1974 жыл | ||
| Ұйымның миссиясы | Бала тұлғасын жан-жақты дамыту, оның қабілеттерін ашу және кәсіби өзін-өзі айқындауының шарты ретінде біртұтас оқу-тәрбие кеңістігін құру. | ||
| Ғимараттың ауданы | Ғимараттың жалпы ауданы 3776,61 кв.м. | ||
| Жобалық қуаттылық | 750 орын | ||
| Үйірмелер мен тәрбиеленушілер саны | 58 үйірме 2873 тәрбиеленушілер | ||
| Педагогтар саны | 51 адам, оның ішінде 36 негізгі қызметкер, 15 қосымша қызметкер. | ||
| Жабдықталу | Оқушылар сарайы — көпбейінді қосымша білім беру ұйымы. Ғимаратта 27 оқу кабинеті, 3 хореография залы, 330 орындық акт залы, күрес залдары, патриоттық тәрбие залы, «Қазақтану» этномәдени орталығы және «INTEL» балалар технопаркі жабдықталған. | ||
| «INTEL» балалар технопаркі | 2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. Балалар технопаркіне қала мектептерінің 7 мен 18 жас аралығындағы оқушылары тартылған. Балалар технопаркі қызметінің мақсаты — техникалық шығармашылықты дәріптеу арқылы балалардың инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және оларды ынталандыру. Оқушылар сарайының балалар технопаркінің құрылымы ғылыми-техникалық бағыттағы 7 үйірмеден тұрады, онда 500-ден астам оқушы қамтылған. | ||
| Күрес залы | 2023 жылдың 22 қыркүйегінде ашылды. Жаттығу залы қазақша күрес, дзюдо және бокс секцияларына арналған қажетті құрал-сайманмен жабдықталған. Үш секцияда қала мектептерінің 7 мен 18 жас аралығындағы 200 оқушысы шұғылданады. | ||
| Екінші ғимарат | 2025 жылғы 15 желтоқсанда қосымша білім беру Инновациялық орталығының екінші ғимаратының таныстырылымы өтті. 2025 жылы жабдықтауға 95 997,0 мың теңге бөлінді. Бұл сомаға келесілер жабдықталды: Hi-tech цехы Каворкинг орталығы IT кабинеті Киім ілетін жай (гардероб) Буфет 1 қабаттағы әкімшілік кабинеттері Екінші қабаттың холы «Химия» кабинеті «Физика» кабинеті | ||
Пайдалануға берілген жылы | 1953 жыл | ||
| Ғимараттың ауданы | Ғимараттың жалпы ауданы 3279, 3 кв.м, | ||
| Жобалық қуаттылық | 700 орын | ||
| Тәрбиеленушілердің жоспарланған саны | 2500 | ||
| Жоспарланған үйірмелер саны | 30 | ||
| 2026 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған үйірмелер | «IT-Старт» үйірмесі, «Бізді қоршаған химия», «Физикалық жаңалықтар әлемі» зертханалары, Hi-tech цехының «Ағашпен жұмыс», «ТехноМастер» шеберханалары, Коворкинг орталығының базасында «Қарым-қатынас мектебі» психологиялық қызметі, ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалар үшін логопед-дефектолог кабинеті жұмыс істейді. | ||
KZ
