Skip to content

Өнер мен шабытты серік еткен балғын жүректердің бір жылдық еңбегінің…

Өнер мен шабытты серік еткен балғын жүректердің бір жылдық еңбегінің жемісін танытатын, қуаныш пен рухты тоғыстырған «Балалық шақ – арман қанаты» атты есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Бұл концерттік бағдарлама — тәрбие мен таланттың, еңбек пен шабыттың үндескен жарқын көрінісіне айналды.
Сахна төрінде өнер көрсеткен әрбір бала жарық жұлдыздай жарқырап, өз қабілетін көрермен жүрегіне жеткізе білді. Әсем әндер шырқалып, күмбірлеген домбыра үні мен мың бұралған би көріністері кештің сәнін арттырды. Сонымен қатар тәрбиеленушілер орындаған өлең шумақтары көрерменге ерекше әсер сыйлап, кештің мазмұнын тереңдете түсті. Әр нөмір балалардың шығармашылық қабілеті мен өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.
Кеш барысында жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқауларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болған тәрбиеленушілердің жетістіктері аталып өтті. Сондай-ақ өнер жолында қанат қаққалы тұрған түлектер марапатталып, оларға жүрекжарды тілектер айтылды. Бұл сәт кештің ең әсерлі әрі толғанысты кезеңдерінің біріне айналды.
Сонымен қатар ата-аналарға алғыс хаттар табысталып, бала тәрбиесі мен шығармашылығына көрсеткен қолдаулары үшін ризашылық біл�