Көктемгі демалыс – мазмұнды әрі мерекелік көңіл-күйде өтті!
«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК көктемгі демалыс кезеңінде (19.03–29.03.2026 ж.) үйірме тәрбиеленушілері арасында Наурыз мерекесіне арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.
📌 19 наурыз күні «Наурыз – жаңару мен ғылым мерекесі» атты жобалар фестивалі өтіп, оған 9 мектептен оқушылар қатысып, өз жобаларын сәтті қорғады. Қорытындысында қатысушылар білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, «Наурыз сыйы» бауырсақ пати акциясы ұйымдастырылып, «Ұлыс оң болсын» атты құттықтау бейнеролигі дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.
📌 21 наурыз күні қала әкімінің қатысуымен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Наурыз сыйы» театрландырылған қойылым өтті. Сонымен қатар, «Шапағат» үйірмесінде «Наурыз келді – жайдары!» атты ертеңгілік ұйымдастырылып, оған тәрбиеленушілермен бірге ата-аналар да белсенді қатысты.
📌 26–27 наурыз күндері «Домбыра пати» акциясы мен «Наурыз қазынасы» атты интерактивті ойындар өткізілді. Қатысушылар дипломдармен марапатталды. Кешкі уақытта «Сплит» рок тобының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
📌 28–29 наурыз күндері робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «Көктемгі роботтар фестивалін» ұйымдастырса, «Уникум» үйірмесінің қатысушылары «Наурыз жаңалықтары» атты журналистік фоторепортаж әзірледі.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие
KZ




