«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Отбасымызбен дәстүрді дәріптейміз» атты челендж өткізілді. Бұл шарада оқушылар мен ата-аналар ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге атсалысты.
Сонымен қатар, 16-наурызда «Шаңырақ күні» аталып өтті. Бұл күн – береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың символы. Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, Отанның, елдің тұтастығын білдіретін қасиетті ұғым. Осыған орай өткізілген іс-шаралар балаларды ұлттық рухта тәрбиелеуге, ата-баба мұрасын қадірлеуге және қоғамда өзара сыйластықты нығайтуға бағытталды.
Осылайша, челендж бен «Шаңырақ күні» бір-бірін толықтырып, жас ұрпаққа дәстүр мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңызын айқын көрсетті.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие
KZ
