Skip to content

«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы…

«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы шеңберінде қалалық «Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың білім деңгейін айқындау, олардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін дамыту және зияткерлік белсенділігін арттыру болды. Сонымен қатар, ойын жас ұрпақты білімге құштарлыққа, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға баулуға бағытталды.
Интеллектуалды сайысқа Абай атындағы №2 мектеп-лицейі мен Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі оқушылары қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Қатысушылар ойын барысында жақсы дайындық деңгейін көрсетіп, әр кезеңде белсенділік танытты.
Ойын төрт кезеңнен тұрып, әр бөлімде оқушылардың жан-жақты білімдері, логикалық ойлау жүйесі мен жылдам жауап беру қабілеттері бағаланды. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:
II орын – Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі
I орын – Абай атындағы №2 мектеп-лицейі
Жеңімпаздар мен қатысушылар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталып, өз еңбектерінің лайықты бағасын алды.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие