"Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайында" Адал азамат "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Еңбегі адал жас өрен" жобасы бойынша ұйымдастырылған қалалық "Ғарышты бағындырған Қазақстан" атты қолөнер бұйымдарының байқауы өтті.
Аталған байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ел тарихындағы ғарыш саласының жетістіктерін дәріптеу және жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулу болды. Байқауға қатысушылар өз қиялдары мен шеберліктерін ұштастыра отырып, аппликация, макет, коллаж және мүсін бағыттары бойынша тақырыпқа сай түрлі мазмұнды жұмыстар ұсынды. Әрбір жұмыс Қазақстанның ғарышты игерудегі жетістіктерін бейнелеп, ерекше идеяларымен және көркемдік шешімдерімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар білім бөлімінің жүлделі I, II, III орын дипломдарымен марапатталды.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие
KZ

