2026 жылдың 4 маусымында Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Бейнелеу әлемі» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Рәміздер – елдің айнасы» тақырыбында көрме өткізілді.
Көрменің мақсаты – білім алушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Көрмеге қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны тақырыбында салған шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы жеткізді.
Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы мәлімет алып, олардың тәуелсіз еліміздің басты нышандары екенін тереңірек түсінді. Көрме жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуге және мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге бағытталды.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие
KZ


