Бүгін Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы КМҚК базасында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Балауса» жазғы демалыс алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу рәсіміне оқушылар, ата-аналар және педагогтер қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлаған қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар түрлі ойындарға қатысып, шығармашылық белсенділіктері арқылы өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетті. Жазғы маусым барысында балалар үшін танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, шеберлік сағаттары, интеллектуалдық ойындар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады. Сіздерді «Балауса» жазғы демалыс алаңына қуана шақырамыз! Жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізіп, жаңа достар тауып, қызықты ойындар мен танымдық шараларға қатысыңыздар. Сіздерді жарқын әсерлерге, көтеріңкі көңіл күйге және ұмытылмас сәттерге толы жазғы күндер күтеді!
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие

KZ
