Skip to content

2026 жылғы 17 сәуір күні “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы”…

2026 жылғы 17 сәуір күні “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК ұйымдастыруымен “АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Біздің мектеп Парламенті әрекетте” атты “Жас Ұлан” ББЖҰ мен Мектеп Парламентінің қызметтеріне арналған байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты — оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектептегі өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және белсенді оқушылардың бастамаларын қолдау.

Байқау үш кезеңнен тұрды:
1-кезең — “Парламент парақшасы: Жыл қорытындысы” атты газеттер байқауы;
2-кезең — “Әлемді жақсы жаққа өзгертеміз” әлеуметтік жобалар байқауы;
3-кезең — “PRO-жетістіктер” үгіт-насихат топтарының шығармашылық байқауы.

Аталған кезеңдер барысында қатысушылар өздерінің жыл бойғы жетістіктерін таныстырып, әлеуметтік бастамаларын ұсынып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау нәтижесінде мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді жұмысы айқын көрініс тауып, Мектеп Парламенті мен “Жас Ұлан” ұйымының қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен насихатталды.

Байқау қорытындысы бойынша:

🏆БАС ЖҮЛДЕ – №12 Жалпы білім беретін мектеп
🥇 орын – Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ
🥈орын – Абай атындағы №2 мектеп-лицей
🥉 орын – Ә.Бөкейхан атындағы № 15 мектеп-лицей
🥉 орын – Б.Момышұлы атырдағы ЖББ

🔹“ҮЗДІК ҮГІТ-НАСИХАТ”номинациясы – Б.Момышұлы атындағы ЖББ
🔹”ҮЗДІК ЖОБА” номинациясы – №5 Жалпы білім беретін мектеп
🔹”ҮЗДІК ГАЗЕТ” номинациясы – Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ

БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН:
🔸№10 Жалпы білім беретін мектеп
🔸№9 Жалпы білім беретін мектеп
🔸№5 Жалпы білім беретін мектеп
🔸әл-Фараби атындағы ЖББ мектеп

МАРАПАТТАЛДЫ!
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие