Skip to content

Бүгін, 26.03.2026 жылы «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен қала…

Бүгін, 26.03.2026 жылы «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен қала тұрғындарына арналған ерекше форматтағы «Dombyra Party» іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қала көшелерін аралап, тұрғындарға домбыра ұсынып, «Кеңес» күйін білесіздер ме?» деген жылы сауал қойып, орындап беруді өтінді. Күтпеген жерден қолына домбыра алған қала тұрғындары ұлттық өнерге деген ықыластарын танытып, күй шертіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әсіресе, әр жастағы адамдардың бір сәтте ортақ әуенге бірігіп, «Кеңес» күйін орындауы – ұлттық рухтың биіктігін, дәстүрлі өнерге деген құрметтің жоғалмағанын айқын көрсетті. Көшенің өзінде күмбірлеген домбыра үні айналаға ерекше жылулық сыйлап, қала өміріне рухани әр берді.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие