Skip to content

“Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының” “Шапағат” үйірмесінде “Наурыз келді –…

"Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының" "Шапағат" үйірмесінде "Наурыз келді – жайдары!" атты мерекелік ертеңгілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл шараға үйірмеге қатысушы балалармен қатар олардың аналары да арнайы шақырылып, ұлттық дәстүр мен тәрбиені ұштастырған мазмұнды кештің куәсі болды.

Ертеңгілік барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, қатысушыларға бесікке салу, бесік бөлеу дәстүрі таныстырылып, оның мәні мен маңызы түсіндірілді. Бұл көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Сонымен қатар, ұл балалар арасында ұлттық рухты көтеретін күш сынасу сайысы ұйымдастырылып, олар қойды иықтарына көтеріп, өздерінің ептілігі мен батылдығын көрсетті. Ал қыз балалар арасында халқымыздың көне ойындарының бірі – "Сырға жасыру" ойыны ойнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара барысында аналар да белсенділік танытып, ұлттық тағам – наурыз көжені дайындау жолдарын көрсетіп, оның құрамындағы жеті түрлі дәмнің мән-мағынасын түсіндірді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды.

Мерекелік кеш ән мен жырға, би мен ойынға ұласып, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Кеш соңында барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқап, бір-біріне ақ тілектерін арнап, Наурыз мейрамының шуақты лебізін бөлісті.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие