«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17-ші наурызында «Бейнелеу әлемі» мен «Артес» үйірмелерінің ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен «Наурыздың көркем өрнектері» атты шеберлік сыныбы өткізілді.
Бұл іс-шарада оқушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, Наурыз мерекесіне тән сәндік өрнектерді бейнелеуді үйренді. Шеберлік сабағының мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ата-бабамыздан қалған өнерді заманауи көзқараспен ұштастыру.
17-наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай ұйымдастырылған сабақта қатысушылар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен сақтаудың маңызын сезінді. Іс-шара барысында балалардың қолынан шыққан өрнектер Наурыздың жаңару мен бірлікті бейнелейтін басты идеяларын айшықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл бастама жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен шығармашылық шабыт дарытып, мәдениет пен дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі болды.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие

KZ
