2026-жылдың 6-күні “Шоқ жұлдыздар” әдістемелік бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті. Бұл күні “Бейнелеу әлемі”, “Артес” үйірме жетекшілері Тохметова А. Т. , Ахат Ж. С. “Сұрақ-жауап” викторинасы мен “Күлдіргі портрет”, “Өзіме-көршіме” ойындарын ұйымдастырды. Ұстаздар интеллектуалды ойынға қатысып өздерінің логикалық ойлау қабілетін шынықтыруға, ал карикатура салу арқылы -шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алып, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеріп шықты. Бұл күнгі әдістемелік жұмыс “Томирис” хореографиялық үйірме жетекшісі Мусекенова А. Т. ұйымдастыруымен өткен шынығу жаттығулары және “Зумба” биіне шеберлік-сыныбы, нейрогимнастикалық ойындарға қатысумен аяқталды. Әріптестер шымырланып, жаңа би түрін меңгеріп, нейрогимнастикалық жаттығумен ой және физикалық қасиеттерін шынықтыруға мүмкіндік алды. Қорытындылай келсек, “Шоқ жұлдыздар ” ӘБ-нің апталық жұмысы жүйелі түрде, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әріптестер тәжірибе алмасып өздеріне көптеген жаңашыл әдістемелік нұсқаулар алып ризашылықтарын білдіріп кетті.
@rumcdo_official
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие

KZ
