Skip to content

2026 жылдың   15-26  сәуір аралығында Өзбексэтанның Ташкент қаласында дойбыдан Азия…

2026 жылдың   15-26  сәуір аралығында Өзбексэтанның Ташкент қаласында дойбыдан Азия Чемпионаты өтті.Бұл Чемпионатқа Қазақстан,Өзбекстан,Қырғызстан,Тәжікстан,Түркіменстан,

Жапония,Турция,Монғол,Қытай т.б.мемлекеттерінен келген   дойбышылар қатысты.Қатысушылар саны –  300-ден  астам.Жас ерекшеліктеріне байланысты кіші жас  ұлдар,қыздар,жасөспірім ұлдар мен қыздар,ересектер,,ардагерлер арасындағы .Азия Чемпионаты қарқынды жарыстардың бірі болды . «100»және «64» шаршы дойбы «классика», «рапид»,»блиц» номинациясы бойынша швейцариялық системада өтті.Бұл Азия Чемпионатына Қарағанды облысы,Балқаш қаласынан «Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы»  КМҚК-нан ,төмендегі дойбышылар қатысты;

1.Абеубекова Манара Балтабековна -ҚББҰ;

2.Мажикенов Омархан- –  «Логика»дойбы үйірмесі (жаттықтырушы Т.М,Бадыгулова).

3.Сағатова Сәнім –  «Логика»дойбы үйірмесі (жаттықтырушы М.Б.Абеубекова);

4.Касенова Камила- –  «Логика»дойбы үйірмесі (жаттықтырушы Т.М,Бадыгулова)

Мажикенов Омархан,Сағатова Сәнім,Касенова Камила Азия Чемпионатына алғаш рет қатыса отырып. білікті дойбышылармен тәжірибе алмасты.Жарыс  барысында дойбышыларға сертификаттер табысталды…Балалардың осындай жарысқа  қатысуына ықпал жасап,қолдау көрсеткен ата-аналарына алғысымыз шексіз.

2015,2017,2022,2024 жылдардағыАзия Чемпионатының жүлдегері «Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК, «Логика»дойбы үйірмесінің жаттықтырушысы Т.М,Бадыгулова белгілі себептермен қатыса алмады.

 Азия Чемпионаты- 2026 ж.,  ардагерлер арасында Абеубекова Манара Балтабековна ,жарыс нәтижесінде ;

«100» шаршы дойбы бойынша:

«классика»- 3 – нші орын,қола

«рапид»- 2-нші  орын,күміс

«блиц» – 2 –нші  орын,күміс

«64» шаршы дойбы бойынша:

«классика»- 1- нші орын,алтын

«рапид»- 2-  нші орын,,күміс

«блиц» – 2- нші орын,күміс

«Түрік дойбысынан»  – 2- нші орын,күміс

Қорытындылай  келе, Азия Чемпионатының кубогымен ,мақтау қағаздары сертификаттар,медальдарымен марапатталды. 

@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovam