Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК, Ағыбай батыр көшесі, 32 мекен-жайында орналасқан, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Ладья» шахмат үйірмесінің қосымша білім беру педагогы, біліктілік талаптарына сәйкес, атқаратын лауазымына сәйкес жалақысы бар 1 жүктеме (18 сағат).
Біліктілік талаптары:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
Функционалдық міндеттері:
Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, үйірмелерде, секцияларда, студияларда, клубтық және басқа да балалар бірлестіктерінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды
Жалақы мөлшері: білім деңгейіне, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
KZ


