Skip to content

“Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК-ның ұйымдастыруымен әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша…

“Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК-ның ұйымдастыруымен әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін насихаттау, сондай-ақ балалармен жұмыс жүргізудегі жаңа идеялар мен тың бастамаларды ортаға салу.

Апталық аясында педагогтерге арналған «Шабыт аумағында» атты психологиялық ойын-тренингі өткізілді. Іс-шара мұғалімдердің эмоционалдық күйін тұрақтандыруға, кәсіби шаршаудың алдын алуға, сондай-ақ өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталды.

Тренинг барысында қатысушылар «Менің ішкі әлемім», «Жануарлар шеңбері», «Сенім нүктесі» жаттығуларына белсенді қатысты. «Менің ішкі әлемім» тапсырмасы арқылы педагогтер өз сезімдері мен ойларын саралап, ішкі ресурстарын арт терапия арқылы тануға мүмкіндік алды. «Жануарлар шеңбері» жаттығуы мінез-құлық ерекшеліктерін символикалық түрде ашып, әр адамның даралығын қабылдауға үйретсе, «Сенім нүктесі» ойыны топ ішінде сенім мен қолдауды нығайтуға бағытталды.

Практикалық жұмыстар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби қызметте кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Сонымен қатар, әріптестер бір-бірін тереңірек түсінуге, эмоцияларын басқаруға және сындарлы диалог құруға дағдыланды.

Іс-шара ашық пікір алмасу мен жылы атмосферада өтті. Тренинг соңында педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің кәсіби мотивацияны арттыруға, шығармашылық әлеуетті дамытуға және жағымды психологиялық орта қалыптастыруға үлкен ықпал ететінін атап өтті.

Әлеуметтік-педагогикалық апталық аясында ұйымдастырылған бұл тренинг педагогтердің өзіндік танымын тереңдетіп, болашақта балалармен жұмыс жүргізуде тиімді әрі заманауи тәсілдерді қолдануына сенімді негіз қалады.
@rumcdo_official
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
#социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие