2026 жылдың 25 ақпан күні әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында «Сөз бен сахна — екі қанат» атты іс-шара ұйымдастырылып, ұсынылды. Аталған шараны «Затейник» және «Шешендік өнер» үйірмелері бірлесе өткізді.
Іс-шараның мақсаты – әріптестер арасында шығармашылық байланысты нығайту, сахна мәдениеті мен шешендік өнердің маңызын көрсету, сондай-ақ театрлық әдіс-тәсілдерді тәжірибе алмасу алаңы ретінде ұсыну болды.
Шара барысында қатысушылар денені ояту жаттығуларын, дауыс гимнастикасын, эмоциялық ойындар мен импровизациялық тапсырмаларды орындады. Әріптестер белсенді қатысып, сахналық әрекеттер арқылы өз шеберліктерін байқатты.
Кештің қорытынды бөлімінде Мұқағали Мақатаевтің «Бақыт деген не өзі?» өлеңі оқылып, іс-шара мазмұны терең ойлы, әсерлі атмосферада түйінделді.
«Сөз бен сахна — екі қанат» атты шығармашылық кездесу әріптестерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сөз құдіреті мен сахна өнерінің біртұтас мәнін айқындай түсті.
@rumcdo.kz
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
#ҚОББтәрбие
#балалардыңқұқығынқорғау
#таланттыбалалар
#РУМЦДОМОНРК
социальнопедагогическоенаправление
әлеуметтікпедагогикалықбағыт
oqu_agartu_ministrligi
medetbekovameruert
Біртұтас_тәрбие
Біртутас_тарбие

KZ
